• Мектебіміздің білікті де, білімді ұстаздары!
      • АТА - АНАЛАР СПАРТАКИАДАСЫ
      • Жаратылыстану пәндер апталығы!
      • Мектебіміздің өзін - өзі басқару ұйымы
      • Лицейіміздің оқушылары жартылыстану апталығында химия пәнінен қызықты эксперимент жасау үстінде.
      • Ата - аналар жиналысы
          • КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫ

            Құрметті ата-аналар, оқушылар❗Лицейімізде 8 ақпан – 4 наурыз аралығында «Кітап оқып ұтып ал!»Кітап оқу байқауы өтетінін хабарлаймыз.Байқаудың биылғы ерекшелігі:ата-ана баласымен бірігіп жұп ретінде бақ сынайды.«Кітап оқу» байқауының шарттары:

            Байқауға 7–11 сынып оқушылары ата-анасының бірімен (әкесі немесе анасы) қатысады.Кітап оқу уақыты 4 наурызға дейін созылады.5 наурыз күні оқушы мен ата-анасы (әкесі немесе анасы) екі бөлек аудиторияда отырып, бірін бірі көрмей емтихан тапсырады;Емтихан тест форматында болады.Тест тапсырмалары 40 сұрақтан құралады.Нәтижесінде ата-ана мен оқушының тест ұпайлары қосылып, ортақ ұпай шығарылады.Тест нәтижелерінің қосындысында ең көп ұпай жинаған отбасы жеңіске жетеді.Жеңіске жеткен отбасы 6 наурыз күні мерекелік шарада марапатталадып, ақшалай сертификатқа ие болады.

          • АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

            Оқушы, ата-ана жиналысы лицейімізде екінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр.Бұл жерде ата-аналар өз балаларының арнайы дайындаған портфолиосымен танысып, үш тоқсан бойы жасалынып жатқан лицейішілік іс-шаралар, оқушының алға қойған мақсаттары, білімі т.б. жұмыстарымен жақын танысатын болады.Келіңіздер, балаларыңыздың болашаққа жасаған жоспарларымен таныс болыңыздар❗#jyloidarynlycei #okushiataana #jinalys

          • ТАЗА БАҚ ЧЕЛЛЕНДЖ

            Мемлекет басшысы 2020 жылды - "ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫ" деп жариялаған болатын

            ♻️ Осыған орай Жылыой дарын лицейі "Таза саябақ" іс-шарасын бастайды. Мақсаты: тұрғылықты өңірдегі саябақтарды қамқорлыққа алып, күтім көрсету

            Осы шара барлық лицейлерге жетіп, таза саябақтар саны арта түседі деген үмітпен - Атырау қыздар лицейіне жолдаймыз.@bil.edu.kz @bil.atyraugirls#jyloidarynlycei #tazabaq

    • Логин

    • Қоңырау уақыттары

      Суббота 18/05/2024
    • Күнтізбе

        еще нет данных для отображения
    • Фотогалерея

        еще нет данных для отображения