• Қабылдау емтиханының нәтижесі

            Құрметті ата-аналар!

            Емтихан нәтижесінің ІІ кезеңі бойынша өткен оқушылар ата-аналарына 11.06.2018 ж күні, сағат 11:00-де лицей АКТ залында жиналыс өтеді.

            ІІ кезең нәтижесімен келіспеген үміткерлер ата-анасынан апелляциялық комиссияға өтініштері 07.06.2018 күні (бір күн ішінде) 9:30-16:00 арасы қабылданады.

        • "KazRoboproject-2018" / "Kazrobosport-2018" облыстық іріктеу кезеңі
          • "KazRoboproject-2018" / "Kazrobosport-2018" облыстық іріктеу кезеңі

            26 мамыр күні, Атырау қаласында өткен "Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі жыл сайын өткізілетін "KazRoboproject-2018" және "Kazrobosport-2018" чемпионатының облыстық іріктеу кезеңінде оқушыларымыз жүлдемен оралды:

            "Робосумо" категориясы бойынша:Аманқос Әлисұлтан ІІ орын;Қосаев Жігер ІІ орын.

        • СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
          • СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

            "Соңғы қоңырау-2018" салтанатты жиыны

            Бүгін, тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, 25-мамыр соңғы қоңырау мерекесіне орай "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынымызға облыстық маслихат депутаты А.Ф.Сисенов мырза қонақ болды. Жиын ҚР Мемлекеттік туы тігіліп, Әнұранымызбен бастау алды. Салтанатты жиынның алғашқы сөз кезегін лицей директоры А.Арисбаев алып, құттықтау сөз сөйледі. Облыстық маслихат депутаты А.Ф.Сисенов мырза республика көлемінде өткен додалардың жеңімпаздарын марапаттады. Оқу жылында «өте жақсы» оқып, табысты аяқтаған оқушыларды директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Оразкельдиев марапаттап, мақтау қағазын тапсырды. Сонымен қатар, лицей директоры А.Р.Арисбаев оқу жылында табысты, нәтижелі еңбектерімен көзге түскен ұстаздарымызға және лицейдің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін ата-аналар комитетіне алғыс хаттар табыстады.

          • ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ

            Қабылдау емтиханының ІІ кезеңі 75 сұрақтан тұрады: математика-логика — 55 сұрақ, қазақ тілі — 10 сұрақ, қазақстан тарихы — 10 сұрақ.Берілетін уақыт: 120 минут

            НӘТИЖЕСІ ЕМТИХАН ӨТКЕН КҮННЕН КЕЙІН 15 КҮН ІШІНДЕ ЖАРИЯЛАНАДЫ.

            https://www.facebook.com/kulsarylyceum/

            https://www.instagram.com/kulsary_lyceum/

        • Мемлекеттік қызмет туралы сынып сағаттары өткізілді
          • Мемлекеттік қызмет туралы сынып сағаттары өткізілді

            16-мамыр күні Атырау облысы Білім беру басқармасы жолдаған ҚР "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Атырау облысы бойынша департаментінің 23.04.2018 ж 02-1-5/1418 хатына сай лицейде 7-9 сыныптарға «Мемлекеттік қызмет істері бойынша орган қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Аталған бірыңғай сынып сағаты "ҚР Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының негізгі ережелері, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тақырыптарына арналды.

          • ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

            ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

            Сіздерді мамыр айының 15-і күні бүкіл Қазақстан бойынша өтетін "ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА" шақырамыз. Баршаңыздан белсенді қатысуларыңыз сұралады.

      • {#1508} 1
      • Білім Иновация
      • Республикалық дарын орталығы
    • Login

    • Қоңырау уақыты

      Mon 21/1/2019
    • Photogallery

      • СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
      • "Kitapfest-2018" кітаптар фестивалі
      • «Құқық бұзушылықты болдырмау және профилактикалық іс-шаралар»
      • Қазақстан Білім Олимпиадасы-2018
      • Жарқын болашақ
      • The world scholar's cup
      • .
      • 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні
      • Мұқағали оқуы