КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫ
Құрметті ата-аналар, оқушылар❗Лицейімізде 8 ақпан – 4 наурыз аралығында «Кітап оқып ұтып ал!»Кітап оқу байқауы өтетінін хабарлаймыз.Байқаудың биылғы ерекшелігі:ата-ана баласымен бірігіп жұп ретінде бақ сынайды.«Кітап оқу» байқауының шарттары:
Байқауға 7–11 сынып оқушылары ата-анасының бірімен (әкесі немесе анасы) қатысады.Кітап оқу уақыты 4 наурызға дейін созылады.5 наурыз күні оқушы мен ата-анасы (әкесі немесе анасы) екі бөлек аудиторияда отырып, бірін бірі көрмей емтихан тапсырады;Емтихан тест форматында болады.Тест тапсырмалары 40 сұрақтан құралады.Нәтижесінде ата-ана мен оқушының тест ұпайлары қосылып, ортақ ұпай шығарылады.Тест нәтижелерінің қосындысында ең көп ұпай жинаған отбасы жеңіске жетеді.Жеңіске жеткен отбасы 6 наурыз күні мерекелік шарада марапатталадып, ақшалай сертификатқа ие болады.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ - 100 000 теңге❗
1 орын (екеу) - 25 000 теңге;
2 орын (екеу)- 15 000 теңге;
3 орын (екеу)- 10 000 теңге.
DANCE COMPETITION
Құндылықтырға негізделген мектеп аясында, Ақпан айы "Еңбекқор айы" екенін дәріптей отырып лицейімізде тұңғыш рет ұйымдастырып отырған, "Dance Competition" жалынды сәттерінен естелік. #jyloidarynlycei • #dancecompetition @innovation_media_group
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Оқушы, ата-ана жиналысы лицейімізде екінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр.Бұл жерде ата-аналар өз балаларының арнайы дайындаған портфолиосымен танысып, үш тоқсан бойы жасалынып жатқан лицейішілік іс-шаралар, оқушының алға қойған мақсаттары, білімі т.б. жұмыстарымен жақын танысатын болады.Келіңіздер, балаларыңыздың болашаққа жасаған жоспарларымен таныс болыңыздар❗#jyloidarynlycei • #okushiataana • #jinalys
ЖАС ХИМИК
А.Бектуров атындағы облыстық химия пәні олимпиадасының аймақтық кезеңінде III орынға иеленді. Дінмұхаммедке алға уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!•#jyloidarynlycei • #olimpiada
ТАЗА БАҚ ЧЕЛЛЕНДЖ
Мемлекет басшысы 2020 жылды - "ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫ" деп жариялаған болатын
♻️ Осыған орай Жылыой дарын лицейі "Таза саябақ" іс-шарасын бастайды. Мақсаты: тұрғылықты өңірдегі саябақтарды қамқорлыққа алып, күтім көрсету
•Осы шара барлық лицейлерге жетіп, таза саябақтар саны арта түседі деген үмітпен - Атырау қыздар лицейіне жолдаймыз.@bil.edu.kz • @bil.atyraugirls#jyloidarynlycei • #tazabaq
ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ
Екінші тоқсанда болып өткен қазақ тілі апталығынан үзінді!
DANCE COMPETITION
Dance Competition - би байқауы ашық жарыс болып табылады.
Байқау 7-11 сыныптар арасында жүреді;
Әр сыныптан 1 топ (құрамында кем дегенде 8 оқушы қатысады);
30.01.2020 сағат 20:00
Байқау шарттары:
-Байқауда орындалатын биде ұлттық билер мен заманауи билер үндестігі болуы керек (микс). 🕛 3 минут;
-Биге дайындық барысында түсірілген қызықты бейнесюжет 🕛 1 минут;
-Сайысқа қатысушылар сахна мәдениеті мен би костюмдеріне мән беру қажет;
Барлықтарыңызға сәттілік!
MORAL NIGHT 10B
21.11.19 - күні 10 "В" сыныбы өткізген "Moral night" кешінен қызықты сәттер.Күлкі,ойын,көрініс барлығы жоғары деңгейде өтті. Рахмет 10 "В" сыныбы...
ICT&MATH WEEK
"Computers themselves, and software yet to be developed, will revolutionize the way we learn." ©️ Steve Jobs.
11.11-15.11 - аралығында өткен "ICT&Math" апталығынан еске қаларлық сәттер. Ал сіздер оқушы кездеріңізде қандай апталыққа атсалысып қатысатын едіңіз❓
''IELTS",''SAT'' ҮЗДІКТЕРІ!
📢 Алишер Нурмуханов:IELTS - 9.0/7.0, Listening - 7.0, Reading - 8.0, Writing - 6.0, Speaking - 6.0 SAT - subject test:Physics - 800/800 Mathematics II - 800/800
📢 Даригулов Болатбек:IELTS - 9.0/7.5, Listening - 8.5, Reading - 8.0, Writing - 6.0, Speaking - 7.0 SAT - subject test:Physics - 800/800 Mathematics II - 800/800
📝 IELTS (International English Language Testing System, ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеу жүйесі) - Британдық Кеңес, Кэмбридж университеті ESOL және IDP Education Pty Ltd әкімшілік ететін, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест.
📝 SAT (Пәндік тест) - студенттердің АҚШ-тың жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламасына түсуге белгілі бір пәндерді меңгеру қабілеттілігін бағалауға арналған стандартталған тест. Бес пәндік бағыт: ағылшын тілі, тарих, тілдер математика және жаратылыс тану ғылымдары бойынша 20 пәндік тест бар.
ҰБТ
Құрметті оқушылар көріп тұрғандарыңыздай ҰБТ-ға небәрі 193 күн қалды.
Қазіргі дайындықтарыңыз қалай болып жатыр?
Қандай оқу орындарын таңдадыңыздар?
Сіздерге алдағы уақытта тек қана сәттілік тілейміз!
ЛИЦЕЙ БАРЫСЫ
Астана қаласында,"Білім Инновация Лицейлер" арасында өтілген Лицей Барысынан 8 сынып оқушымыз Жайлыбаев Марғұлан ІІ орынды иеленді.Марғұланды жеңісімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ!
1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай әрбір сыныбымызда ашық сабақтар өткізілді. Содан кішігірім үзінді суреттер.
1- ЖЕЛТОҚСАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ!
Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз❗Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын❗ Қазақстан Республикасы қанатын кеңге жайып, дами берсін❗
ӘЛЕМГЕ ЖАРЫҚ СЫЙЛАЙМЫЗ!
Лицейімізде қайрымдылық кеші өткен болатын.Сол кештен кішігірм көріністі тамашалаңыздар! Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.Жауапкершілік адамның міндетті істі атқаруымен бірге, оның мінезіндегі ерік-жігерін, қайраттылығы мен табандылығын көрсететін ерік сапалары болып саналады.
KТЛ
Құрметті, Жылыой дарын лицейінің жайдарманшылары!
05.12.2019 жылы болатын - Көңілді тапқырлар лигасының шарттарын ескерсеңіздер:
1. Әзілге қатысты Әзіл ойналатын мұғалімдерден рұқсат болу керек.
2. Үй тапсырмасында сынып жетекші немесе тәрбиеші және бір ата-ана ойнау шарт.
Жалпы ойынның тақырыбы "Құндылықтарға негізделген мектеп". Барлықтарыңызға сәттілік!
ЖАС ТЕХНИКТЕР
Жастехниктер арасында "Зияткер" тақырыбында өткен робототехника жарысы.Мектеп аралық жарыстан оқушыларымыз жүлделі орынмен қайтты!
ӘЛЕМГЕ ЖАРЫҚ СЫЙЛАЙМЫЗ
Құрметті қонақтар, 15-ші қараша күні Лицейімізде қайрымдылық қорына арналған "Әлемге жарық сыйлаймыз" атты кешіміз болады. Келіңіздер, көріңіздер!
ҰБТ
Көріп тұрғандарыңыздай ҰБТ емтиханына - 226 күн қалды.Бұл уақытты барынша тиімді және пайдалы өткізу - тек сізге байланысты.Барынша көп балл жинасаңыз, сыйлық-та сізге жақындай береді . Сәттілік !
REGIONAL CAMP
Атырау қаласында өткен "Regional Camp". Батыстың әр өңіріндегі лицейлердің оқушылары Атырау лицейінде бас қосты.