2018-2019 оқу жылына қабылдау емтиханы
Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері апталығы
9-13 аралығында лицейде орыс тілі мен әдебиеті пәндері апталығы өтті. Апталықта пән мұғалімі Н.Бешимова әр түрлі пәнге байланысты ойындар, сайыстар ұйымдастырды. Атап айтсақ, апталық ашылу күнінде лотереялық ойын, келесі күні ата-аналардың қолдауымен "Блины-party" өткізді. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру мақсатында "А знаете ли вы Россию?" зерттеу жобасын қорғатты. 8а сыныбына ашық сабақ өткізіліп, апталық қорытындысы "Пушкин оқуымен" жабылды. Апталыққа атсалысқан, жүлделі орын алған оқушылар диплом, сертификаттармен марапатталды.
#пәнапталығы #орыстілі #орысәдебиеті #апталық #білім #дарын #құлсары #атырау #русскийязык
Жарқын болашақ
10-11 сәуір Атырау қаласында өткен "Жарқын болашақ-2018" облыстық олимпиадасында 8-сынып оқушысы Салауатұлы Ернұр "Сөз шеберлері" кезеңі бойынша жүлделі ІІ-орынды иеленді.
Құттықтаймыз! Алар белестеріміз көп болсын!
#жарқынболашақ #олимпиада #қазақтіліолимпиадасы#жарқынболашақ2018
The world scholar's cup
Лицей оқушылары 30-31 наурыз аралығында Астана қаласында "World Scholar's Cup Astana Round" атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық пәнаралық білім сайысына қатысты. Жарысқа қазақстандық оқушылармен қатар көрші Қырғызстан елінен 35 мектептен жалпы 600-ден астам оқушылар сайысқа түсті. Екі күнге созылға сайыста қатысушылар дебат, эссе жазу, тестілеу және викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты жарыс түрлерінен бақ сынасты. Нәтижесінде лицей оқушылары бірнеше номинация бойынша жүлделі медальдармен марапатталды.