Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге Қазақ тілі болашаққа жетелеп,Ұрпақтарды танытады әлемге, - дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер жастар, кейінгі ұрпақтар. Сол себепті, оқушыларға ана тілін қадірлеп, құрметтеуді насихаттау мақсатында лицейімізде 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығы ұйымдастырылды.Апталықтың ашылу рәсімінде лицей оқушылары өз өнерлерімен танылды. Айта кетсек, 9 «б» сынып оқушысы Калимолдиев Мәди «Мен, мен, мен едім» термесін орындап, домбырамен «Арба соққан» күйін шертті. 9 «б» сыныптың оқушысы Мұхтаров Данияр «Аталы сөз» , «Әй, Махамбет», 7 «а» сыныптың оқушысы Аманкелді Ұлағат «Ауылым» термелерін орындауымен көрінсе, 8 «б» сынып оқушысы Кириллов Александр Міржақып Дулатұлының «Жастарға», 7 «а» сынып оқушысы Желдеш Ғафуран «Қазақ тілі» өлеңдерін көркемдеп оқыды. Оқушылардан бөлек пән мұғалімдері де көркемсөз оқу шеберлігін танытты. Апталықта оқушыларымызға тіліміз, әдебиетіміз туралы әр түрлі шаралар, сабақтар арқылы мәліметтер берген пән мұғалімдері Досбол Орманбек пен Кумаров ЕрболОрманбек
#қазақтілі #әдебиет #ұлттыққұндылық #бил #біліминновация #қазақстан#атырау #құлсары #тілбайлығы #абай #жылыой