15 қазан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып ата-аналар спартакиадасы болып өтті.
Спорттық мерекенің ашылу салтанатында лицей директоры жарысқа қатысушыларға мықты денсаулық, бірлік, спортшыларға табысты өнер көрсетуге, ал көрермендерге - жақсы демалыс тіледі. Спартакиа ата-аналар, оқушылар арасында спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында ұйымдастырылады.
Спартакиада шеңберінде волейболдан, шахматтан және үстел теннисінен турнир өткізіліп, оған 7 А, 7 Б, 7 С, 8 А, 8 Б сыныбының ата-аналары қатысты . Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан 1-орынды – 8 А сыныбы командасы, 2-орынды 7 А сыныбы , 3-орынды – 8 Б сыныбы ата-аналары иеленді.Шахматтан Жабагин Марат 8 а сыныбы ата-анасы, теннистен Нұх Акдрашев женімпаз атанды, Женімпаздар ауыспалы кубог пен және I , II және III дәрежелі дипломдармен
марапатталды.