Өткен аптада лицейімізде KTL (Көңілді Тапқырлар Лигасы) болып өтті. Сайысқа 8 команда қатысты. Тамашалаңыздар!
КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ
SCIENCE WEEK
Өткен аптада химия, физика, биология пәндері бойынша өткен "Science Week" еске қаларлық сәттер. Ал сіздер оқушы кездеріңізде қай пәнді сүйіп оқыдыңыздар?
ЖАС ТАРИХШЫ
Құрметті лицей парақшасының оқырмандары.Салауатұлы Ернұр оқушымыз "Менің кіші Отаным" атты интелектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде I дәрежелі дипломымен құттықтаймыз.
Қ.Сәтпаев олимпиадасы
Осы жылымызды жағымды жаңалықпен жалғыстырып жатырмыз!Осы аптада Атырау қаласында өткен "Қ.Сәтбаев химия олимпиадасында" жүлделі II орын алған Фандыбаев Дінмұхаммед оқушымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің - дей отыра осы ай лицейімізде қазан айы "Құрмет айы" болып саналады. Өмір алма кезек, істеген жақсы істеріңіз бен басқа адамға деген құрметіңіз сізге екі есе қайта келеді.
АТА - АНАЛАР СПАРТАКИАДАСЫ
Құрметті ата-аналар, сіздерді қазанның 19-ы болатын "ата-аналар спартакиадасына" шақырамыз❗ Өз сыныптарыңыздың жанкүйері болып, қолдауға келіңіздер. Қандай сайыстар болады десеңіздер...
- Волейбол
- Үстел теннис
- Шахмат
- Арқан тартыс
Сұрақтарыңыз болса❓
Жауапты: Муталиев Меделхан
📱 +77476702009
Жаратылыстану пәндер апталығы
Қайырлы кеш, лицей парақшасының оқырмандары❗Лицейімізде "Жаратылыстану" апталығы шымылдығын ашқан болатын. Апталықтар оқушылардың ой-өрісін дамытуға, балалардың білімге деген қызығын арттыруға негізделген. Алда қызықты ашық сабақтарды күтіңіздер 🍀#jyloidarynlycei • #physics • #biology • #chemistry • #жаратылыстану
Қазан айы - құрмет айы!
Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат..❗Қазан айы - құрмет айы❗Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің 💯
ПЕДКОНСИЛИУМ
Құрметті Ата-аналар, 1️⃣2️⃣/1️⃣0️⃣/2️⃣0️⃣1️⃣9️⃣ сенбі күні - педконсилиум болады.
⏲️ 10:00-12:00 7-8 сыныптар
⏲️ 12:00-13:00 9-10 сыныптар
Сіздерді күтеміз❗
Мұғалімдер күні
Мұғалімдер күні - 04.09.2019. Ақырын жүріп, анық бас. Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық қылған жалықпас,Үйретуден балаға - дей отыра,сіздерді - Мұғалім күнімен тағы да құттықтаймыз! Бұл керемет күн, естен кетпес сәттер болды. Мұғалімдер сіздерге мыңда бір алғыс. Тамашалаңыздар, мұғалімдердің "Happy teacher's day" атты кешінен қызықты сәттер .
Үйірмелер көрмесі
Құрметті лицей парақшасының оқырмандары. Бізде керемет жаңалық бар.Лицейімізде 16 үйірме өз бастауларын алған болатын. Басты мақсат оқушыларымыздың оқудан бөлек пайдалы іспен айналысуы Есте сақтаңыз, лицейдің болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Президенттік олимпиада
Лицейіміздің үлгілі оқушыларының бірі Алишер Нурмуханов президенттік олимпиададан жүлделі 3 орынмен оралды. Оқушымызға бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз!
Welcome party for 7th grade
Жаңа 7 сыныптардың келгеніне арнап жасаған "WELCOME PARTY" кешіміз өтті 7 сыныптар керемет көңіл-күймен келіп, оданда жақсы көңіл күймен кетті. Би, ойын, арнау, КВН және тағы басқа көңілді әндер шырқалып өткізілді.
Лицей парламенті
Лицейіміздің өзін - өзі басқару ұйымдарының басшыларын тағайындау іс - шарасы өтілді. Лицейді әрмен қарай көркейтуге атсалысатын лицей жігіттері.