7-сынып оқушылары ұстаздарымен бірге Жылыой аудандық "Атамұра" тарихи-өлкетану мұражайында.Оқушыларымыз Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай "Ардақты өлкем - Атырау" апталығы аясындағы іс-шаралар бойынша сынып сағаты уақытында мұражайға барып, облыс, аудан тарихы туралы мағұлматтармен таныс болды. Ауданымызда 1999 жылы Аралтөбе қорғанынан Қазақстан бойынша табылған екінші "Алтын адам" туралы да мәліметтер алды.
География және тарих апталығы
22-26 қаңтар аралығында география және тарих пәндерінің апталығы өткен болатын. Апталық аясында пән мұғалімдері әр түрлі шаралар ұйымдастырды. Атап атйсақ, "Мемлекет-Ту-Астана" жәрмеңкесі өтіп, оқушылар әр елдің мемлекеттік туын, астанасын табудан сайысқа түсті. Дұрыс таба білген оқушыларға тәтті капкейктер табысталды. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ашық сабақ, "Қызық екен" интеллектуалды ойыны, "Көрме" байқауы, "Әсем өңір және біз" фотокөрмесі, "Кім жүйрік?" сұрақ-жауап сайысы сынды шаралар өткізілді.
14