20-қазан күні белгілі отбасылық коуч-тренер Е.Ертайұлы лицей ата-аналарына арналған "Балалар - болашағымыз" атты семинар өткізген болатын. Семинарда бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қоя білу сынды мәселелер қарастырылды. Бұл семинар ата-аналар үшін бала тəрбиесіндегі көптеген сауалдарына жауап алуға мүмкіндік берді деп сенеміз. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. Елімізде "бақытты отбасылар" көп болғай.