Білім инновация лицейлері арасында Батыс аймақтық ата-аналар спартакиадасында қиын да керемет тартысты ойында баса озып, жүлделі І-орын иелендік. Керемет нəтиже!!!
Желтоқсанның 17 жұлдызында Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай Орал қаласында еліміздің батыс өңірлерінде орналасқан "Білім-Инновация" лицейлерінің ата-аналары арасында спартакиада өткізілді. Спартакиаданың негізгі мақсаты - Елбасының "Рухани жаңғыру" идеясын іске асыру, ата-аналар арасындағы қатынасты күшейту, оқушы тәліміндегі тәрбие үштағанын (ата-ана-оқытушы-оқушы) нығайту, ел болашағы - жас ұрпаққа салауатты өмір үлгісін іс жүзінде көрсету болып табылады. Аталмыш спорттық іс-шараға Ақтөбеден, Атыраудан, Жаңаөзеннен және Құлсарыдан келген жүз шақты ата-анадан құралған сегіз команда қатысты. Жарыс үш бағытта өрбіді: волейбол, үстел теннисі және шахмат. Жарыстың нәтижелері: Волейбол:
Бас жүлде - Орал "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналар құрамасы, I орын - біздің лицей ата-аналар құрамасы, II орын - Атырау ерлер "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналар құрамасы III орын - Атырау қыздар лицейінің ата-аналар құрамасы
Шахмат: I орын - Хасанов Қайрат (Орал "Білім-Инновация" лицейі)II орын - Таяуов Өмірсерік (Ақтөбе "Білім-Инновация" лицейі)III орын - Шукургалиев Ербол (Орал "Білім-Инновация" лицейі)
Үстел теннисі (аналар): I орын - Олжатаева Кәмшат (Орал "Білім-Инновация" лицейі)II орын - Темирова Эльмира (Жылыой лицейі) III орын - Ербулекова Жанаргүл (Жылыой лицейі)
Үстел теннисі (әкелер): I орын - Жексенгалиев Рауан (Орал "Білім-Инновация" лицейі) II орын - Турашев Мұханбет (Орал "Білім-Инновация" лицейі) III орын - Мунбаев Сәрсенбай (Атырау қыздар лицейі)
Осы іс-шараға белсене қатысқан қадірлі ата-аналарымызға, оның ішінде Орал "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналарына шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қонақжайлылықтарыңыз бен ұйымшылдықтарыңызға барша лицей ұжымы мен қонақтар тәнті болды! Дәл осылай бірлігі жарасқан, дастарқаны жайылған, төбесінде көк аспан, айналаға нұр шашқан ұжым болып жүре берейік!