• КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫ

          • Құрметті ата-аналар, оқушылар❗Лицейімізде 8 ақпан – 4 наурыз аралығында «Кітап оқып ұтып ал!»Кітап оқу байқауы өтетінін хабарлаймыз.Байқаудың биылғы ерекшелігі:ата-ана баласымен бірігіп жұп ретінде бақ сынайды.«Кітап оқу» байқауының шарттары:

            Байқауға 7–11 сынып оқушылары ата-анасының бірімен (әкесі немесе анасы) қатысады.Кітап оқу уақыты 4 наурызға дейін созылады.5 наурыз күні оқушы мен ата-анасы (әкесі немесе анасы) екі бөлек аудиторияда отырып, бірін бірі көрмей емтихан тапсырады;Емтихан тест форматында болады.Тест тапсырмалары 40 сұрақтан құралады.Нәтижесінде ата-ана мен оқушының тест ұпайлары қосылып, ортақ ұпай шығарылады.Тест нәтижелерінің қосындысында ең көп ұпай жинаған отбасы жеңіске жетеді.Жеңіске жеткен отбасы 6 наурыз күні мерекелік шарада марапатталадып, ақшалай сертификатқа ие болады.

            ЖҮЛДЕ ҚОРЫ - 100 000 теңге❗

            1 орын (екеу) - 25 000 теңге;

            орын (екеу)- 15 000 теңге;

            орын (екеу)- 10 000 теңге.

          • АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

          • Оқушы, ата-ана жиналысы лицейімізде екінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр.Бұл жерде ата-аналар өз балаларының арнайы дайындаған портфолиосымен танысып, үш тоқсан бойы жасалынып жатқан лицейішілік іс-шаралар, оқушының алға қойған мақсаттары, білімі т.б. жұмыстарымен жақын танысатын болады.Келіңіздер, балаларыңыздың болашаққа жасаған жоспарларымен таныс болыңыздар❗#jyloidarynlycei  #okushiataana  #jinalys

          • ЖАС ХИМИК

          • А.Бектуров атындағы облыстық химия пәні олимпиадасының аймақтық кезеңінде III орынға иеленді. Дінмұхаммедке алға уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!#jyloidarynlycei  #olimpiada

          • ТАЗА БАҚ ЧЕЛЛЕНДЖ

          • Мемлекет басшысы 2020 жылды - "ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫ" деп жариялаған болатын

            ♻️ Осыған орай Жылыой дарын лицейі "Таза саябақ" іс-шарасын бастайды. Мақсаты: тұрғылықты өңірдегі саябақтарды қамқорлыққа алып, күтім көрсету

            Осы шара барлық лицейлерге жетіп, таза саябақтар саны арта түседі деген үмітпен - Атырау қыздар лицейіне жолдаймыз.@bil.edu.kz  @bil.atyraugirls#jyloidarynlycei  #tazabaq

          • DANCE COMPETITION

          • Dance Competition - би байқауы ашық жарыс болып табылады.

            Байқау 7-11 сыныптар арасында жүреді;

            Әр сыныптан 1 топ (құрамында кем дегенде 8 оқушы қатысады);

            30.01.2020 сағат 20:00

            Байқау шарттары:

            -Байқауда орындалатын биде ұлттық билер мен заманауи билер үндестігі болуы керек (микс). 🕛 3 минут;

            -Биге дайындық барысында түсірілген қызықты бейнесюжет 🕛 1 минут;

            -Сайысқа қатысушылар сахна мәдениеті мен би костюмдеріне мән беру қажет;

            Барлықтарыңызға сәттілік!

          • MORAL NIGHT 10B

          • 21.11.19 - күні 10 "В" сыныбы өткізген "Moral night" кешінен қызықты сәттер.Күлкі,ойын,көрініс барлығы жоғары деңгейде өтті. Рахмет 10 "В" сыныбы...

          • ICT&MATH WEEK

          •  

            "Computers themselves, and software yet to be developed, will revolutionize the way we learn." ©️ Steve Jobs.

            11.11-15.11 - аралығында өткен "ICT&Math" апталығынан еске қаларлық сәттер. Ал сіздер оқушы кездеріңізде қандай апталыққа атсалысып қатысатын едіңіз❓