Дəстүрлі спартакиада
18-қараша күні лицейімізде дəстүрлі жыл сайынғы сыныпаралық "Ата-аналар" спартакиадасы өткен болатын. Спартакиадаға қатысқан 7 сыныптың ата-аналары волейбол, үстел теннисі және шахматтан сайысқа түсті. Бірнеше сағатқа созылған сайыста ата-аналар өздерінің бəсекелестік қабілеттерімен, спортқа бейім қырларымен танылды. Спартакиадаға арнайы шақыртумен келген Жылыой спорт мектебінің өкілдері əділ-қазылық жасап, қорытынды нəтижелерді жариялады. Жеңімпаздар жүлделі орын, номинация дипломдарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Спартакиадаға атсалысқан барша ата-аналарға, ата-аналар комитеті жəне лицей ұжымына алғысымызды білдіреміз! #волейбол #спартакиада #атааналарспартакиадасы #шахмат #теннис