• СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
          • СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

          • "Соңғы қоңырау-2018" салтанатты жиыны

            Бүгін, тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, 25-мамыр соңғы қоңырау мерекесіне орай "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынымызға облыстық маслихат депутаты А.Ф.Сисенов мырза қонақ болды. Жиын ҚР Мемлекеттік туы тігіліп, Әнұранымызбен бастау алды. Салтанатты жиынның алғашқы сөз кезегін лицей директоры А.Арисбаев алып, құттықтау сөз сөйледі. Облыстық маслихат депутаты А.Ф.Сисенов мырза республика көлемінде өткен додалардың жеңімпаздарын марапаттады. Оқу жылында «өте жақсы» оқып, табысты аяқтаған оқушыларды директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Оразкельдиев марапаттап, мақтау қағазын тапсырды. Сонымен қатар, лицей директоры А.Р.Арисбаев оқу жылында табысты, нәтижелі еңбектерімен көзге түскен ұстаздарымызға және лицейдің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін ата-аналар комитетіне алғыс хаттар табыстады. Салтанатты жиын әсем әнмен өрбіп, жиын қонақтарының лицей ұжымын, ата-ана, оқушыларымызды оқу жылының аяқталуымен құттықтау сөздерімен жалғасты. Салтанатты жиын нәтижесі 2017-2018 оқу жылының «Соңғы қоңырауын» соғумен тәмамдалды.

          • ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ

          • Қабылдау емтиханының ІІ кезеңі 75 сұрақтан тұрады: математика-логика — 55 сұрақ, қазақ тілі — 10 сұрақ, қазақстан тарихы — 10 сұрақ.Берілетін уақыт: 120 минут

            НӘТИЖЕСІ ЕМТИХАН ӨТКЕН КҮННЕН КЕЙІН 15 КҮН ІШІНДЕ ЖАРИЯЛАНАДЫ.

            https://www.facebook.com/kulsarylyceum/

            https://www.instagram.com/kulsary_lyceum/

            Тел: 8/71237/53268

        • Мемлекеттік қызмет туралы сынып сағаттары өткізілді
          • Мемлекеттік қызмет туралы сынып сағаттары өткізілді

          • 16-мамыр күні Атырау облысы Білім беру басқармасы жолдаған ҚР "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Атырау облысы бойынша департаментінің 23.04.2018 ж 02-1-5/1418 хатына сай лицейде 7-9 сыныптарға «Мемлекеттік қызмет істері бойынша орган қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Аталған бірыңғай сынып сағаты "ҚР Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының негізгі ережелері, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тақырыптарына арналды.

          • ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

          • ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

            Сіздерді мамыр айының 15-і күні бүкіл Қазақстан бойынша өтетін "ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА" шақырамыз. Баршаңыздан белсенді қатысуларыңыз сұралады.

        • Қазақстан Білім Олимпиадасы-2018
          • Қазақстан Білім Олимпиадасы-2018

          • 6-8 мамыр күндері «Білім-Инновация» лицейлері арасында Алматы мен Тараз қалаларында өткен «Қазақстан Білім олимпиадасы» өз мәресіне де жетті. Лицей атынан олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз жақсы жетістіктермен оралды.

            Біздің жүлдегерлер:

            Күміс медаль иегері:🥈🥈🥈

            География пәні: Жанбаев Ерназ /9-сынып/, ІІ-орын

            Қола медаль иегерлері:🥉🥉🥉

            Орыс тілі: Тельманов Дамир /8-сынып/, ІІІ-орын

            Қазақ тілі: Исахаев Самат /8-сынып/, ІІІ-орын

            Ағылшын тілі:Кельдибаев Бектас /7-сынып/, ІІІ-орын

                                   Алдамжаров Айдын /7-сынып/, ІІІ-орын

            Осындай жетістікке жеткізген лицейіміздің оқушыларына және мұғалімдеріне алғыс айта отырып шын жүректен құттықтаймыз! Және де әрқашан лицейімізді қолдаушы ата-аналарымызға алғыс айтамыз!

            #kbo #қазақстанбілімолимпиадасы #білімолимпиадасы #кбо

          • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

          • Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

        • "Kitapfest-2018" кітаптар фестивалі
          • "Kitapfest-2018" кітаптар фестивалі

          • 26-сәуір күні "Дүниежүзілік кітап күніне" байланысты лицей кітапханашысы мен қазақ тілі пән мұғалімдері "Kitapfest" атты кітаптар фестивалін ұйымдастырған болатын. Фестивалға 8-сынып оқушылары қатысты. Бағдарлама бойынша фестиваль сурет салу, оқушылардың өздері дайындаған "Аудиокітап" тыңдау және викториналық сұрақтар кезеңдерінен тұрды. Әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды арнайы сертификаттармен және дипломдармен марапаттады.

        • «Құқық бұзушылықты болдырмау және профилактикалық іс-шаралар»
          • «Құқық бұзушылықты болдырмау және профилактикалық іс-шаралар»

          • Жылыой аудандық прокуратурасының қызметкері Нәсіпқалиев Шыңғыс мырза мен Жылыой аудандық әкім аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімнің бас инспекторы – Г.Айшуакова ханым лицейімізге келіп, құқық бұзушылықты болдырмау және профилактикалық іс-шаралар аясында ұстаздар және оқушылармен кездескен болатын.Тақырыпқа байланысты толықтай түсініктеме жүргізе отырып, қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарға да жауап берді.

          • 1-мамыр - Қазақстан халықтар достығы күні

          • Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

        • Қабылдау емтиханының І кезеңі өткізілді
          • Қабылдау емтиханының І кезеңі өткізілді

          • ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ - 2018ㅤㅤㅤㅤ

            ㅤㅤ29-сәуір күні 6-сынып оқушылары қабылдау емтиханының I кезеңін тапсырды. Емтихан тест түрінде  60 сұрақтан құралған математика, логика, Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәндер бойынша өтті. Емтихан нәтижесі қорытындысы кем дегенде 15 күнде лицейімізде белгілі болады.

            Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз! ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ

            #қабылдауемтиханы  #қабылдауемтиханы2018

        • Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері апталығы
          • Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері апталығы

          • 9-13 аралығында лицейде орыс тілі мен әдебиеті пәндері апталығы өтті. Апталықта пән мұғалімі Н.Бешимова әр түрлі пәнге байланысты ойындар, сайыстар ұйымдастырды. Атап айтсақ, апталық ашылу күнінде лотереялық ойын, келесі күні ата-аналардың қолдауымен "Блины-party" өткізді. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру мақсатында "А знаете ли вы Россию?" зерттеу жобасын қорғатты. 8а сыныбына ашық сабақ өткізіліп, апталық қорытындысы "Пушкин оқуымен" жабылды. Апталыққа атсалысқан, жүлделі орын алған оқушылар диплом, сертификаттармен марапатталды.


            #пәнапталығы #орыстілі #орысәдебиеті #апталық #білім #дарын #құлсары #атырау #русскийязык

        • The world scholar's cup
          • The world scholar's cup

          • Лицей оқушылары 30-31 наурыз аралығында Астана қаласында "World Scholar's Cup Astana Round" атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық пәнаралық білім сайысына қатысты. Жарысқа қазақстандық оқушылармен қатар көрші Қырғызстан елінен 35 мектептен жалпы 600-ден астам оқушылар сайысқа түсті. Екі күнге созылға сайыста қатысушылар дебат, эссе жазу, тестілеу және викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты жарыс түрлерінен бақ сынасты. Нәтижесінде лицей оқушылары бірнеше номинация бойынша жүлделі медальдармен марапатталды.

            The world scholar's cup.

             

          • ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ

          • 6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ НАЗАРЫНА!

            _______________________________________

            Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде меңгеріп, бәсеге қабілетті тұлға болғыларыңыз келсе, біздің лицейге білім алуға келіңіздер!

            ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ТІРКЕЛУ: 4.04 - 28.04 аралығы

            ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ: Дүйсенбі-жұма 9.00-18.00 Сенбі 9.00-13.00

            ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: Ата-ана өтініші;ЖСН көшірмесі;Туу туралы куәлік көшірмесі; 6-сыныпта оқитынын растайтын анықтама. 

            ТІРКЕЛУГЕ ҮМІТКЕР КЕЛУІ МІНДЕТТІ.

        • 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні
          • 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні

          • 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні орай сыныптар аналарына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертте оқушылар мерекелік әндер орындап, қойылымдар қойды. Оқушылар аналарына тілектерін арнаумен қатар гүл шоқтарын таратып, ойындар ұйымдастырып, керемет көңіл-күй сыйлады.

            Барлық аналарды, ақ жаулықты әжелерді, қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы күнімен келетін шуақты мерекемен құттықтаймыз!