• АРМАНДА, ОҚЫ, МАҚСАТЫҢА ЖЕТ!

          • Құрметті Жылыой лицей-интернатының 11 сынып оқушылар сіздерге үлкен мүмкіндік туып отыр. ҰБТ сынағынан жоғары нәтиже көрсетсеңіздер осы ұтыстарға ие боласыздар iPhone X, iPhone 11, iPhone 11 Pro. Ол үшін сіздер ҰБТ-дан жоғары балл жинасаңыздар яғни осы 133-136 аралықта iPhone X, 137-139 аралықта iPhone 11, 140 iPhone 11 Pro беріледі. Ал енді сіздерге сәттілік алдағы уақытта осы сыйлықты иесі кім екенін білетін боламыз.

          • MORAL NIGHT

          • 24.10.2019 - күні 10 "А" сыныбы өткізген "Moral Night" кешінен қызықты сәттер.Күлкі, ойын, мағыналы көрініс барлығы керемет деңгейде өтті. Рахмет 10 "А" сыныбы.

          • ЖАС ТАРИХШЫ

          • Құрметті лицей парақшасының оқырмандары.Салауатұлы Ернұр оқушымыз "Менің кіші Отаным" атты интелектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде I дәрежелі дипломымен құттықтаймыз.

          • Қ.Сәтпаев олимпиадасы

          • Осы жылымызды жағымды жаңалықпен жалғыстырып жатырмыз!Осы аптада Атырау қаласында өткен "Қ.Сәтбаев химия олимпиадасында" жүлделі II орын алған Фандыбаев Дінмұхаммед оқушымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

          • АТА - АНАЛАР СПАРТАКИАДАСЫ

          • Құрметті ата-аналар, сіздерді қазанның 19-ы болатын "ата-аналар спартакиадасына" шақырамыз❗ Өз сыныптарыңыздың жанкүйері болып, қолдауға келіңіздер. Қандай сайыстар болады десеңіздер...

            • Волейбол
            • Үстел теннис
            • Шахмат
            • Арқан тартыс

            Сұрақтарыңыз болса❓

            Жауапты: Муталиев Меделхан

            📱 +77476702009

          • Қазан айы - құрмет айы!

          • Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат..❗Қазан айы - құрмет айы❗Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің 💯

          • ПЕДКОНСИЛИУМ

          • Құрметті Ата-аналар, 1️⃣2️⃣/1️⃣0️⃣/2️⃣0️⃣1️⃣9️⃣ сенбі күні - педконсилиум болады.

            ⏲️ 10:00-12:00   7-8 сыныптар

            ⏲️ 12:00-13:00   9-10 сыныптар

            Сіздерді күтеміз❗

          • Президенттік олимпиада

          • Лицейіміздің үлгілі оқушыларының бірі Алишер Нурмуханов президенттік олимпиададан жүлделі 3 орынмен оралды. Оқушымызға бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз!

          • Welcome party for 7th grade

          • Жаңа 7 сыныптардың келгеніне арнап жасаған "WELCOME PARTY" кешіміз өтті 7 сыныптар керемет көңіл-күймен келіп, оданда жақсы көңіл күймен кетті. Би, ойын, арнау, КВН және тағы басқа көңілді әндер шырқалып өткізілді.

          • Қабылдау емтиханының нәтижесі

          • Құрметті ата-аналар!

            Емтихан нәтижесінің ІІ кезеңі бойынша өткен оқушылар ата-аналарына 11.06.2018 ж күні, сағат 11:00-де лицей АКТ залында жиналыс өтеді.

            ІІ кезең нәтижесімен келіспеген үміткерлер ата-анасынан апелляциялық комиссияға өтініштері 07.06.2018 күні (бір күн ішінде) 9:30-16:00 арасы қабылданады.

            Төмендегі сұрақтар бойынша өтініштер қабылданбайды:

            1. Байқау тапсырмалары мазмұны мен құрылымы бойынша;

            2.Байқау тапсырмаларын орындау кезінде үміткерлердің қойылған тәртіп ережелерін бұзуына байланысты;

            3.Тестілеу кезінде үміткердің жауап парақтарының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда.

            2018 жылы қабылдау емтиханы қорытындысы бойынша қабылданған оқушылар тізімі төменде: 

        • "KazRoboproject-2018" / "Kazrobosport-2018" облыстық іріктеу кезеңі
          • "KazRoboproject-2018" / "Kazrobosport-2018" облыстық іріктеу кезеңі

          • 26 мамыр күні, Атырау қаласында өткен "Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі жыл сайын өткізілетін "KazRoboproject-2018" және "Kazrobosport-2018" чемпионатының облыстық іріктеу кезеңінде оқушыларымыз жүлдемен оралды:

            "Робосумо" категориясы бойынша:Аманқос Әлисұлтан ІІ орын;Қосаев Жігер ІІ орын.

            "Кегельринг-квадро" категориясы бойынша:Утепов Әділет ІІІ орын;Максутов Нұрдаулет ІІІ орын.

            "Робосумо мини" категориясы бойынша:Сапаш Мақсат сертификат

            Лицейіміздің "Робототехника" үйірме жетекшісі Н.Оразкельдиевке және жүлдемен оралған оқушыларымызға алғыс білдіреміз. Алға қойған мақсаттарыныңызға жете беріңіздер!