• Мұқағали оқуы
          • Мұқағали оқуы

          • Биылғы жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туғанына бүгін 87 жыл толды. Осы орайда лицейімізде "Қара өленнің Құлагері" атты Мұқағали оқуы ұйымдастырылған болатын. Әр сыныптан қатысқан оқушылар ақын өлеңдерін көркемдеп оқудан, ән айтудан және ақын өмірбаяны туралы викториналық сұрақтардан сайысқа түсті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

            #мұқағали  #көркемсөз #мұқағалиоқуы  #құлсары  # жылыой  #дарын

        • Ағылшын тілі пәні апталығы
          • Ағылшын тілі пәні апталығы

          • Лицейімізде 19-23 ақпан аралығында "Ағылшын тілі" пәні апталығы ұйымдастырылды. Пән мұғалімі апталықта оқушылар арасында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Олар "Pictionary, "Headphone challenge", "Gesture' және т.б. Шараларда оқушылар ағылшын тіліндегі білім деңгейлерін ойын арқылы көрсетіп, көрерменге керемет әсер қалдырды.

            #englishweek  #english  #kulsary #zhylyoi #bilim 

        • Тәрбиешілер күні
          • Тәрбиешілер күні

          • 14-ақпан күні лицейімізде сыныптардың тәрбиешілеріне арналған "Тәрбиең қалар бойымда" атты мерекелік шара өткен болатын. Шарада оқушылар тәрбиешілеріне арнап әндер орындап, би билеп, тіпті әзіл қойылымдарында қойды. Лицей директоры мен жатақхана меңгерушісі тәрбиешілерді еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттады. 

            Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқаратын тәрбиешілерге алғысымызды білдіреміз! Еселі еңбектеріңіз еселене берсін. 

             

             

            #тәрбиешілеркүні #құлсары #жылыой #лицей

        • Қазақ тілі мен әдебиет пәндері апталығы
          • Қазақ тілі мен әдебиет пәндері апталығы

          • Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге Қазақ тілі болашаққа жетелеп,Ұрпақтарды танытады әлемге, - дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер жастар, кейінгі ұрпақтар. Сол себепті, оқушыларға ана тілін қадірлеп, құрметтеуді насихаттау мақсатында лицейімізде 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығы ұйымдастырылды.Апталықтың ашылу рәсімінде лицей оқушылары өз өнерлерімен танылды. Айта кетсек, 9 «б» сынып оқушысы Калимолдиев Мәди «Мен, мен, мен едім» термесін орындап, домбырамен «Арба соққан» күйін шертті. 9 «б» сыныптың оқушысы Мұхтаров Данияр «Аталы сөз» , «Әй, Махамбет», 7 «а» сыныптың оқушысы Аманкелді Ұлағат «Ауылым» термелерін орындауымен көрінсе, 8 «б» сынып оқушысы Кириллов Александр Міржақып Дулатұлының «Жастарға», 7 «а» сынып оқушысы Желдеш Ғафуран «Қазақ тілі» өлеңдерін көркемдеп оқыды. Оқушылардан бөлек пән мұғалімдері де көркемсөз оқу шеберлігін танытты. Апталықта оқушыларымызға тіліміз, әдебиетіміз туралы әр түрлі шаралар, сабақтар арқылы мәліметтер берген пән мұғалімдері Досбол Орманбек пен Кумаров ЕрболОрманбек

            #қазақтілі #әдебиет #ұлттыққұндылық #бил #біліминновация #қазақстан#атырау #құлсары #тілбайлығы #абай #жылыой

        • Мұражайға экскурсия
          • Мұражайға экскурсия

          • 7-сынып оқушылары ұстаздарымен бірге Жылыой аудандық "Атамұра" тарихи-өлкетану мұражайында.Оқушыларымыз Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай "Ардақты өлкем - Атырау" апталығы аясындағы іс-шаралар бойынша сынып сағаты уақытында мұражайға барып, облыс, аудан тарихы туралы мағұлматтармен таныс болды. Ауданымызда 1999 жылы Аралтөбе қорғанынан Қазақстан бойынша табылған екінші "Алтын адам" туралы да мәліметтер алды.

        • География және тарих апталығы
          • География және тарих апталығы

          • 22-26 қаңтар аралығында география және тарих пәндерінің апталығы өткен болатын. Апталық аясында пән мұғалімдері әр түрлі шаралар ұйымдастырды. Атап атйсақ, "Мемлекет-Ту-Астана" жәрмеңкесі өтіп, оқушылар әр елдің мемлекеттік туын, астанасын табудан сайысқа түсті. Дұрыс таба білген оқушыларға тәтті капкейктер табысталды. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ашық сабақ, "Қызық екен" интеллектуалды ойыны, "Көрме" байқауы, "Әсем өңір және біз" фотокөрмесі, "Кім жүйрік?" сұрақ-жауап сайысы сынды шаралар өткізілді.

        • Педагогикалық консилиум
          • Педагогикалық консилиум

          • Педконсилиум - әр ата-анаға баласының сабақтағы үлгерімі туралы толық мағұлмат алуға және мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді.

            Пән мұғалімдері барлық сынып ата-аналарымен жоспар бойынша жолығып, оқушы үлгерімі жайында мәлімет берді.

        • Пәндік олимпиада жеңімпаздары
          • Пәндік олимпиада жеңімпаздары

          • 4-5 қаңтар күндері Атырау қаласында өткен жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде оқушыларымыз информатика жəне ағылшын тілі пəндерінен жүлделі ІІ-ІІІ орын иегерлері атанды. 

            Талап Азамат 9  сынып оқушысы информатика пәнінен жүлделі ІІ-орын;

            Аманқос Әлисұлтан 7 сынып оушысы информатика пәнінен жүлделі ІІІ-орын;

            Бергенбаев Олжас 9 сынып оқушысы ағылшын тілі пәнінен жүлделі ІІІ-орын.

            Құттықтаймыз!

        • Сыныптар жаңа жыл мерекесін атап өтті.
          • Сыныптар жаңа жыл мерекесін атап өтті.

          • Лицейіміздегі 7-9 сыныптар жаңа жыл мерекесі қарсаңында жоспарға сай, ата-ана ұстаздарымен  бен бірге мерекелік кештерін өткізді. Мерекелік кештерде жаңа жылдық әндер орындалып, би қойылып, әр түрлі қызықты ойындар ойнатылу арқылы көңілді етіп өтті. 

            ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

            Шараларға атсалысқан ата-аналарымызға алғыс айтамыз!

        • Батыс аймақтық лицей ата-аналары арасындағы  "Достық" спартакиадасы
          • Батыс аймақтық лицей ата-аналары арасындағы  "Достық" спартакиадасы

          •         Білім инновация лицейлері арасында Батыс аймақтық ата-аналар спартакиадасында қиын да керемет тартысты ойында баса озып, жүлделі І-орын иелендік. Керемет нəтиже!!! 

            Желтоқсанның 17 жұлдызында Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай Орал қаласында еліміздің батыс өңірлерінде орналасқан "Білім-Инновация" лицейлерінің ата-аналары арасында спартакиада өткізілді. Спартакиаданың негізгі мақсаты - Елбасының "Рухани жаңғыру" идеясын іске асыру, ата-аналар арасындағы қатынасты күшейту, оқушы тәліміндегі тәрбие үштағанын (ата-ана-оқытушы-оқушы) нығайту, ел болашағы - жас ұрпаққа салауатты өмір үлгісін іс жүзінде көрсету болып табылады. Аталмыш спорттық іс-шараға Ақтөбеден, Атыраудан, Жаңаөзеннен және Құлсарыдан келген жүз шақты ата-анадан құралған сегіз команда қатысты. Жарыс үш бағытта өрбіді: волейбол, үстел теннисі және шахмат. Жарыстың нәтижелері: Волейбол:

            Бас жүлде - Орал "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналар құрамасы,  I орын - біздің лицей ата-аналар құрамасы, II орын - Атырау ерлер "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналар құрамасы III орын - Атырау қыздар лицейінің ата-аналар құрамасы

            Шахмат: I орын - Хасанов Қайрат (Орал "Білім-Инновация" лицейі)II орын - Таяуов Өмірсерік (Ақтөбе "Білім-Инновация" лицейі)III орын - Шукургалиев Ербол (Орал "Білім-Инновация" лицейі)

            Үстел теннисі (аналар): I орын - Олжатаева Кәмшат (Орал "Білім-Инновация" лицейі)II орын - Темирова Эльмира (Жылыой лицейі) III орын - Ербулекова Жанаргүл (Жылыой лицейі)

            Үстел теннисі (әкелер): I орын - Жексенгалиев Рауан (Орал "Білім-Инновация" лицейі) II орын - Турашев Мұханбет (Орал "Білім-Инновация" лицейі) III орын - Мунбаев Сәрсенбай (Атырау қыздар лицейі)

            Осы іс-шараға белсене қатысқан қадірлі ата-аналарымызға, оның ішінде Орал "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналарына шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қонақжайлылықтарыңыз бен ұйымшылдықтарыңызға барша лицей ұжымы мен қонақтар тәнті болды! Дәл осылай бірлігі жарасқан, дастарқаны жайылған, төбесінде көк аспан, айналаға нұр шашқан ұжым болып жүре берейік!

        • Тәуелсіздік күніне арналған шара
          • Тәуелсіздік күніне арналған шара

          • "16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне" орай өткізілген "Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі" мерекелік шарасы

            Біздің мақсатымыз - жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Азаттықтың ақ таңы қандай қиындықтармен келді?! Бұл мәдени шарада тек мерекелік ән-күй емес, патриоттық сезімді оятатын әндер орындалып, өлеңдер оқылды.Жас ұрпақ соны біліп, санасына тоқып өсуі керек.

        • Жергілікті ақынмен кездесу
          • Жергілікті ақынмен кездесу

          •          Әркімге туған өлкесінің тарихы туралы білу міндет болса, оның ішінде жергілікті танымал тұлғаларды тану қажет. Осы орайда лицей кітапханасында "Асқақ өлкем, қасиетті мекенімді жыр етем" тақырыбында жергілікті танымал ақын-жазушы ҚР журналистер одағының Құрмет грамотасы иегері, облыс, республика көлемінде бірнеше марапаттары бар Қонаш Қалдыоразұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кешіміздің қонағы әңгімесін Жылыой құндылықтарын таныстырудан бастап, кейін өз шығармашылығымен таныстыра кетті. Кеш оқушылардың жергілікті ақындар өлеңдерін мәнерлеп оқумен өрбіді. Оқушыларға туған жер, туған тілін құрметтеуге шақырған ақын Қ.Қалдыоразұлы ақындық өнері бар оқушыларға өсиет сөздерінде жеткізе кетті. Лицейдің кітапхана қорына өз жинақтарын сыйлады. Кеш соңында келген қонағымызға Алғыс хат, естелік сыйлық табысталды.

        • Ата-аналар спартакиадасы-2017
          • Ата-аналар спартакиадасы-2017

          • Дəстүрлі спартакиада

            18-қараша күні лицейімізде дəстүрлі жыл сайынғы сыныпаралық "Ата-аналар" спартакиадасы өткен болатын. Спартакиадаға қатысқан 7 сыныптың ата-аналары волейбол, үстел теннисі және шахматтан сайысқа түсті. Бірнеше сағатқа созылған сайыста ата-аналар өздерінің бəсекелестік қабілеттерімен, спортқа бейім қырларымен танылды. Спартакиадаға арнайы шақыртумен келген Жылыой спорт мектебінің өкілдері əділ-қазылық жасап, қорытынды нəтижелерді жариялады. Жеңімпаздар жүлделі орын, номинация дипломдарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

             Спартакиадаға атсалысқан барша ата-аналарға, ата-аналар комитеті жəне лицей ұжымына алғысымызды білдіреміз! #волейбол #спартакиада #атааналарспартакиадасы #шахмат #теннис

        • Кездесу кеші
          • Кездесу кеші

          • 15-қараша күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Е.Балгенженің ұйымдастыруымен жоспарға сай жергілікті мешіт имамы Д.Сүлейменов және Жасөспірімдер инспекторы Р.Мурзабековпен "Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері мен зардаптары" тақырыбында кездесу кеші өтті. Кеш мақсаты оқушылардың жат ағымдарға ілесіп кетуінің алдын алу болды. Кездесуде шақырылған қонақтар тиісті мәліметтермен бөлісіп, оқушылар сұрақтарына жауап берді. #жылыой #құлсары #дарын #кездесукеші #атырау

        • Ұстаздарға тренинг
          • Ұстаздарға тренинг

          • 9-қараша күні лицей психологы Г.Мұқанова ұстаздарға «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы аясында түсінік жұмыстарын тренинг арқылы ұйымдастырған болатын. Бұл бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен дайындалып, іске асырылуда. Бағдарлама мақсаты осы іс-шаралар көмегімен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу. Ал оқушы уақытының көп бөлігін білім мекемесінде өткізетіндіктен ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәселесі қарастырылды. Бағдарламаға түсінік жұмыстарын бастамас бұрын, психолог ұстаздардың өзіндік мінез-қылықтарына сипат беретін тапсырмалар орындатқан болатын. Бұл арқылы оларға өзіндік баға беруіне мүмкіндік берді. Ұстаздарға жасөспірімдік кезеңдегі оқушылармен байланысты қалай қою керек, олармен сөйлесу әрекеті жолдары айтылды. Әр баланың оған қиын кезеңіңде жанынан табылып, қамқорлық көрсетуге кеңес беріліп, сол тақырыпта мәліметтер жеткізілді. Тренинг соңы бағдарламаға сай арнайы жадынамалар таратумен аяқталды.

        • Аудан әкімі қонақта
          • Аудан әкімі қонақта

          • 7 қараша күні білім ордамызға ағымдағы жылы сайланған Жылыой ауданы әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы және аудандық білім бөлімі басшысы Ж.Қазиевалар лицей тынысымен танысу мақсатында келген болатын. Аудан әкімі лицейдің күнделікті өмірін көріп, оқушылармен жолықты. Оқу бағдарламалары және білім сапасымен танысып, кітапхана қорындағы жаңа бағдарлама бойынша дайындалған оқулықтарға шолу жасады. Лицей ғимаратын толық аралап, өзіндік бағасын берді. Лицейіміздің алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі. 

            ​​​​​​​

        • "Балалар - болашағымыз" семинары
          • "Балалар - болашағымыз" семинары

          • 20-қазан күні  белгілі отбасылық коуч-тренер Е.Ертайұлы лицей ата-аналарына арналған "Балалар - болашағымыз" атты семинар өткізген болатын. Семинарда бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қоя білу сынды мәселелер қарастырылды. Бұл семинар ата-аналар үшін бала тəрбиесіндегі көптеген сауалдарына жауап алуға мүмкіндік берді деп сенеміз. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. Елімізде "бақытты отбасылар" көп болғай.

             

        • Ұстаздар күні
          • Ұстаздар күні

          • Ұстаздар күні құтты болсын!

            Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын! 
            _________________________________________________________________________________________________________

            Бүгін "Ұстаздар күніне" арналған "Ұстазым, менің ұстазым" мерекелік шара ұйымдастырылған болатын. Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан лицей басшысы А.Арисбаев, лицей дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарымызды Алғыс хатпен марапаттады. Ал, өнерлі оқушыларымыз көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шара соңы ұстаздарына тарту ретінде əзірлеген концерттік бағдарламамен ұласты.